Өлең, жыр, ақындар

Бұл көктем сен жазған ән сынды

  • admin
  • 05.02.2024
  • 0
  • 0
  • 59
Бұл көктем сен жазған ән сынды,
Жалғыздық ішінен күліп тұр.
…Қайғымды бітпейтін жол сынды,
Жай ғана ұмыттыр.

Қала да ән сынды кей шақта,
Мөлт ете қалатын көңілден.
Жан мұңын елемей қойсақ та,
Жанарын қайтеміз егілген?!

Сен жазған ән неге тым ыстық?
Адасқан көңілім секілді.
Жолдарда жоғалған тыныштық
Үнсіз кеп, мұңайып отырды…
P.S.
Ашпаса да
күйбең күннен қабағын,
Мынау қала
әдемі ғой әніңмен.
Тірлік тонап
өзгерсе де жанарың,
Өзгермеші жаныңмен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күтпеймін

  • 0
  • 0

Жылатып кеше сен жайлы тәтті ертегім,
Жүрегім жазған хаттардың бәрін өртедім.
Күйігі қалған кеудемнен енді іздеме,
Сезімді кеше, сыйлаған саған ерке мұң!

Толық

Тырналар

  • 0
  • 0

Күннің жауып көздерін түн қабағы,
Сансыз жұлдыз күзетті бұл қаланы.
Түн ортасы ояндым түсіме еніп,
Топ боп ұшқан ауылдың тырналары.

Толық

Ойлау

  • 0
  • 0

Таң алды оянып,
Сия көк аспаннан
сөнбеген шолпанды көрместен,
Күндерім қып-қызыл тірлікке боялып,

Толық

Қарап көріңіз