Өлең, жыр, ақындар

Күтпеймін

  • admin
  • 05.02.2024
  • 0
  • 0
  • 95
Жылатып кеше сен жайлы тәтті ертегім,
Жүрегім жазған хаттардың бәрін өртедім.
Күйігі қалған кеудемнен енді іздеме,
Сезімді кеше, сыйлаған саған ерке мұң!

Кеудемде күйік...
Күл болып ұшты қалғаны.
Сүюдің«сұрғылт бояуға» сіңді бар мәні...
...Ессіздеу желмен еріксіз көшіп барады,
Сен сүйген кеше аңғалдау қыздың арманы.

Жалған–жалған!
Ал сен де жалған ба едің?!
(Өзің едің өлеңім толған менің.)
Шағаладай шарқ ұрып үмітім жүр,
Сорға айналған таба алмай қорған көлін.

Ал жүрегім... Жүрегім ше?!
Ол бір мұңлық! Менсіз де жылап алар.
Еркіндігін ешкімнен сұрамаған...
Бір өкпеге өзіңді қия алмайды-ау,
Сенен теріс айналса да мына ғалам.

Солай... Солай, күйім бұл сен көрмейтін,
Сен көрмейтін, қалада сен келмейтін.
Жүрегіме жоламай ойларым да,
Болды-ау тіпті сезімге сенделмейтін.

Сен келмейтін қалаға көктем келді,
Оралғандай күткенім көптен бергі.
...Есілге кеп тым ұзақ отырамын,
Серік қылып жып-жылы өпкен желді.

Тағдыр бар ма, шешімдерін біз білген,
Сан үмітті талай жолдар үздірген.
...Бұл жаққа да ораларсың бір күні,
Сені мәңгі күтпейтұғын қыз жүрген...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біздің жақта күз ғой әлі...

  • 1
  • 0

Біздің жақта күз ғой, аға, күз әлі...
Талай күндер көңілсіздеу ұзады.
Қалтыраған жапырақтай жүректің
жанын ұқпай жүр екенбіз біз әлі.

Толық

Алматыға (Бірінші өлең)

  • 0
  • 0

Ей, Алматы!
Сен жайлы айтса сенбеп едім мен бұрын.
Ол да ертең кетеді деп сенді кім.
Енді өзіңді тербете ме әнімен,

Толық

Астана – арманның аңызы

  • 0
  • 0

Мен...
О бастан аппақ арман ем!
(Сезбеген шығар да сол шақта болған ел...)
Бауырлап атқанда Бозоқтың боз таңы,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар