Өлең, жыр, ақындар

Анашым

Асыл анам, есіл анам,
Елжіреп есіркеймін, есіме алам.
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.

Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,
Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,
Оқытып кешеу барған хаттарымды
Отырмысың үрпиіп, жаның ашып?

Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,
Оқуын ұлың жақсы аяқтады.
Анашым, білем сені, қарсы емессің
Кеттім мен тың даланы оятқалы.

Анашым!
Қайда жүрсем сен - күш, арым,
Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.
Қайда барсам, өзіндей қарсы алады
Кең байтақ Отанымның кең құшағы.

Анашым!
Жаратылдың бағыма шын
Білемін көңілсізсің, сағынасың.
Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар.
Қапа болма мен үшін, неғыласың...



Пікірлер (1)

Назарбай

Мұқағали Мақатаевтың Анашым өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Мен өскен лашық бір бөлме!

  • 0
  • 0

Мен өскен лашық – бір бөлме,
Бір бөлме сенің іргеңде,
Білгенімді істеп жатушы ем
Сонау бір алыс күндерде.

Толық

Бұзылған үй

  • 1
  • 9

Тәкаппар таулар жатқан жан-жағында,
Барып қайт салқын жайлау, малды ауылға.
Бір жер бар «Қарасаз» деп аталатын,
Көресің жолың түсіп барғаныңда.

Толық

Бетховен

  • 0
  • 1

Сәнімен емес,
Әнімен оған қымбатты,
Қырық мың ғалам,
Қырық мың түрлі үн қатты.

Толық

Қарап көріңіз