Өлең, жыр, ақындар

Мен өскен лашық бір бөлме!

Мен өскен лашық – бір бөлме,
Бір бөлме сенің іргеңде,
Білгенімді істеп жатушы ем
Сонау бір алыс күндерде.

Мен өскен лашық – бір бөлме,
Бір бөлме маған – мың бөлме,
Хан тағы қараң қалатын,
Босағаңды аттап кіргенде.

Қонақпен күнді батырып,
Қонақ боп атып таң нұры.
Тұратын еді шақырып,
Әжемнің аппақ жаулығы.

Мен өскен лашық – бір бөлме!
Болғансың пана кімдерге?
Ат ерттеп жатқан жас жігіт
Жарамады үйге кір деуге.
Демесе, мейлі, демесін,
Көрмеген нені бұл кеуде.

Жұрт едік қой ниеті кең,
Ей, жігіт, саған не етіп ем?
...Әкемнің қара шаңырағын,
Сатты екем неге...өкінем,
Өкінем, жігіт өкінем!

Осалдан емес қырсығы,
Осы үйдің едім қыршыны.
Рұқсат болса, жігітім,
Су берші маған бір шыны?

Сыйламас іні сен бе едің,
Сый білмес аға мен бе едім?
Су берші маған, інішек,
Су берші маған, шөлдедім!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?

  • 1
  • 11

Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?
Аман-есен жеттің бе, айыр құйрық нау-құсым?
Оралдың ба, тағы да өзің өскен ұяға,
Оралдың ба, сүйіктім, екеуің де бармысың?

Толық

Кейіме, інім

  • 1
  • 2

Кейіме, інім,
Сен тартқан мұңды мен емгем,
Кеткенмін сосын,
Өзімді-өзім жебеумен.

Толық

Жүр

  • 1
  • 2

«Жүр.
Кеттік біздің ауылға,
Келістік.
Әкел қолыңды?

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер