Өлең, жыр, ақындар

Жыр соңынан

Көкжал құнан ат боп шықты сартабан,
Жастығымда шалғайлады артаман.
Бір ауыр жүк орын алып арқадан,
Қара нардай маң-маң басқан,
Болдым міне қарт адам.

Үйренгенді іске жарат, өмір деген партадан,
Жігеріңді мұқалтпай, гүл тере жүр қырқадан.
Сапарыңда сахарадан самал ескен үн тыңда,
Лəзат алып бұлбұлдардың дауысынан шырқаған.

Недеседе өз еркі, мені сөккен сырт адам,
Адамдыққа таяи берем бір табан.
Болып кетпей бас ауыртар қырт адам,
Жалқаулықпен жатып ішер шалқадан.

Дос-жаранға мыстан болмай қалтадан,
Ел-жұртымнан табам үлкен марқадам.
Жасауды үйрен самырсынан аршадан,
Ерлік емес бұраң жолдан шаршаған.
Ажал батыр шықанынша қалқадан,
Жыр соңынан кете берем,
Көкжалменен артаман…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Талаптан

  • 1
  • 0

Өтемін десең сараптан,
Оянып жастар талаптан.
Жұрдай болма мұраттан.
Талап тумас салақтан

Толық

Жөн

  • 1
  • 0

Жасыңда білім десе тоймасаң жөн,
Денеңді шынықтырып ойнасаң жөн.
Ержетсең елдің қамын ойласаң жөн,
Қартайсаң ақыл-кеңес қоймасаң жөн.

Толық

Қайнары тасбұлақтың суалмайды

  • 2
  • 0

Басқа мал берекесіз құралмайды,
Бұранда шектен артық бұралмайды.
Қызыл шоқ жай қағазға оралмайды,
Дұние бір қалпында тұралмайды.

Толық

Қарап көріңіз