Өлең, жыр, ақындар

Отан

  • 03.02.2016
  • 0
  • 7
  • 26827
Біздер үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз,
Қорғамасақ несін ұл боп туғанбыз?!
Кіндігіміз тар қапаста кесіліп,
Ит көйлекті қанды жаспен жуғанбыз.
Туған жұртқа тірек болу ерге-сын,
Құлдықты енді құдай басқа бермесін.
Атаң өлсе, өзің ата боларсың,
Ешқашанда Отан өле көрмесін!
Әкең өлсе, шешең өлсе жыларсың,
Балаң өлсе, бір жығылып тұрарсың.
Отан өлсе, опырылып түскенің,
Күңіреніп көрге бірге құларсың.
Біздің Отан өліп, қайта тірілген,
Біздің Байрақ құлап, қайта тігілген.
Опат болған ерлер рухы оянар,
Отан деген лебіз шықса тілімнен.
Отанменен аспандағы Күн егіз,
Екеуінің амандығын тілеңіз.
Жас азамат, бұл Отанның қадірін,
Отансыз боп көрген біздер білеміз!
Керек қылса, жолында оның құрбанбыз,
Бәріне де белді бекем буғанбыз.
Бір кеудеге екі жүрек сыймайды,
Қазақ үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз!



Пікірлер (7)

даниар азамат

маган каты унады керемет

Альбина

Керемет

толкын

не мынау

Əмина

Несіпбек Айтұлының Отан өлеңі

Зуля

керемет маған қатты ұнады қаламыңыздың сиясы кетпесін

Бейбарыс

онша емес

Мырзахмет

Әсерлі жазлған кішкене ғана өлең жолымен егжей тегжилі түсндрп берді керем ✊????

Пікір қалдырыңыз

Бір танысқа

  • 0
  • 0

Шыныменен сен мені білесің бе, ей?!
Білетіндей
Көлгірсіп күлесің ғой.
Менің жаным – ақ таудың ақ бұлағы,

Толық

Алтын буын армандайды

  • 0
  • 0

Шартараптың жанарында патшамыз,
Тажалдардың тамағында ақшамыз.
Соқыр тиын сығымдайды көз жасын,
Қайыршының жанқалтасын қақсаңыз.

Толық

Қияметтің көпірі

  • 0
  • 0

Тарбағатай – туған жерім, алыс қалды ар жақта,
Шыдар ма екен буған белім зілден ауыр салмаққа?
Құлақ салмас керең дүние мендей мұңлық заржаққа,
Кімге барып шағынамын, жыламасам аруаққа?

Толық

Қарап көріңіз