Өлең, жыр, ақындар

Күліп тұрған дүние жылап қалып

  • admin
  • 08.01.2024
  • 0
  • 0
  • 187
Күліп тұрған дүние жылап қалып,
Асқақтаған арманым құлап қалып.
Көріне алмай көзіне көптің енді,
Отырдым мен жылыстап жырақ барып.
Жыртық-жыртық жүректен жыр ақтарып,
Көк тас болып қатқан шер көмейдегі,
Тарқатылды жанардан бұлақтанып.
Ашылғандай күн көзі, ашылғандай,
Сіркіреген жаңбыр ма жасым мынау.
Шүкіршілік етпестен өткен іске,
Берекемді несіне қашырдым-ау.
Басылдым-ау, әп-сәтте басылдым-ау,
Күйректікке құрығыр көп беріліп,
Ағарып та кетіпті шашым мынау.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жанарым-ай, бәріне кінәлісің

  • 0
  • 0

Жанарым-ай, бәріне кінәлісің,
Қимастықтан тұр енді жылап ішім.
Мен кінәлі емеспін, мен кінәлі,
Мына еліктің күнәсіз лағы үшін.

Толық

Сәмбі тал

  • 0
  • 0

Тамырлап тақыр шөлге өніп,
Желегін жайып желге өріп,
Жапанда жалғыз сәмбі тал,
Сыңсиды баяу тербеліп.

Толық

Қайтесің, бағың жанбаса

  • 0
  • 0

Қайтесің, бағың жанбаса,
Ойлаған бола бермес-ті.
Ойдың да көбі далбаса,
Ойлаймыз кейде өнбесті.

Толық

Қарап көріңіз