Өлең, жыр, ақындар

Өзгеріп жатқан өмір-ай

  • admin
  • 08.01.2024
  • 0
  • 0
  • 289
Өзгеріп жатқан өмір-ай,
Көнерген қайран көңіл-ай.
Бесіктей еді білегім,
Түкті еді қайтпас жүрегім.
Кемпірім, қайран кемпірім,
Шиедей еді ерінің-ай.
Шыбықтай еді белің-ай,
Жерді сызып жүруші ең
Тастасаң шашты өріп-ай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұмбақ жан

  • 0
  • 0

Қызықсың-ау, ақындар, қызықсың-ау,
Қызып кетсең, қияңқы, бұзықсың-ау.
Бірақ, қимай жауды да жамандыққа,
Шақырасың арамды адамдыққа.

Толық

Құт-береке кеткен жоқ

  • 0
  • 0

«Құт-береке кеткен жоқ есігімнен,
Қонақ келер өзінің несібімен.
Сарандық та, «надандық», – дейтін әкем,
Опық жеген аз емес кесірінен.

Толық

Көз алдымнан дидарын кетер емес

  • 0
  • 0

Көз алдымнан дидарын кетер емес,
Бір өзіңе ешбір жан жетер емес.
Тұсау жіптей десе де ғұмыр қысқа,
Сенсіз бірақ күндерім өтер емес.

Толық

Қарап көріңіз