Өлең, жыр, ақындар

Құт-береке кеткен жоқ

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 94
«Құт-береке кеткен жоқ есігімнен,
Қонақ келер өзінің несібімен.
Сарандық та, «надандық», – дейтін әкем,
Опық жеген аз емес кесірінен.
Барың болса қонақтан аямағын,
Жалғыз жеген ас болмас жая-жалың.
Адам күні адаммен, көпті көріп,
Көп білгеннен көгерер сая бағың.
Сараңдығы құрысын, сараңдығы,
Шығармағын есіңнен, балам, мұны.
Адам пейілі күннен де жарығырақ,
Жарқ еткізер күн түспес қараңғыны.
Пейілде ғой бәрі де берекенің,
Шөл етемін десең де, көл етемін.
«Малымды алсаң ал құдай, пейілімді алма»,
Деген қазақ ұмытпа ел екенін.
Әке сөзі жадымнан кетер емес,
Мұнда не бар түсінбей етер егес.
Қанша сақы өзімді санасам да,
Қарт пейіліне пейілім жетер емес.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дауылпаз көкте саңқылдап

  • 0
  • 0

Дауылпаз көкте саңқылдап,
Туласа толқын теңізде.
Жанарың мұңлы жарқылдап,
Жанымның оты, мені ізде.

Толық

Адам қонақ өмірге

  • 0
  • 0

Адам қонақ, – деп айтады, – өмірге,
Өмір, онда қуаныш бер көңілге.
Қоштасуға асықпағын ертерек,
Ол қоштасу біздер үшін жеңіл ме?

Толық

Сыртымнан кесек атпаңдар

  • 0
  • 0

Сыртымнан кесек атпаңдар,
Сыртымнан мені сатпаңдар.
Жан болсам жұртқа жағымсыз,
Көзімше ғана даттаңдар.

Толық

Қарап көріңіз