Өлең, жыр, ақындар

Шыңғыс ханға

  • admin
  • 08.01.2024
  • 0
  • 0
  • 83
(33 түрлі түркі халқы бар)

Жалпақ әлем жартысын тізесімен илеген,
Жалаң қылыш жүзімен жарты әлемді билеген.
Ұлы қаған Шыңғыс хан соңғы демі бітерде,
Өтті екен өмірден қандай көңіл күйменен.
Опасы жоқ дүние, опаң қайда деді ме?
Ата-ана, жан жарым, ботам қайда деді ме?
Алқымдаған ажалға айлам қайда деді ме?
Айбары асқақ алтын тақ, пайдаң қайда деді ме?
Ұлы қаған Шыңғыс хан алыбы екен алыптың,
«Құлшылық қып Тәңірге» құдіретіңді таныттың.
Мәртебесін өсіріп кеткен екен мәңгілік,
Жүрегінде түгі бар Түркі тектес халықтың.
Қайталанбас ғаламда қаһармандық жолы үшін.
Ұлы қаған рухына бас иіңдер сол үшін,
Батырлық пен ерліктің өшпес өршіл жолы үшін.
Түркі тектес халықтың түп тегі бір, қаны бір,
Қодырайма қытайым, ожырайма орысым.
Тарихи бұл шындық, жалғандық жоқ сөзімде,
Сендер де еттің үстемдік кезендінің кезінде.
Заман басқа, заң басқа, енді бізбен арбаспа,
Өз билігің өзіңде, өз билігім өзімде.
Ұлы қаған Шыңғыстың таппай жүрміз сүйегін,
Қай ендікте жатырсың жаһангерім, киелім.
Оңтүстікпен Солтүстік, батыс пенен шығысқа,
Қайда екен қабірің, күнде басты иемін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әке ескерткішіне

  • 0
  • 0

Терің тамған топырақ,
Терің тамған тастардан,
Өзің жатқан торқалы,
Топырақтан жастанған.

Толық

Балалық шақтан бір елес

  • 0
  • 0

Балалық шақтан бір елес
Көктемде, сонау көктемде,
Көлбеңдеп жатқан көк белге.
Көгілдір тартқан бөктерге,

Толық

Әркімнің көңілі өзіне патша деген

  • 0
  • 0

Әркімнің көңілі өзіне патша деген,
Басынба, байқап сөйлес басқаменен.
Кісімсіп кеуде қаққан біз кінәлі,
Біреулер қашса сенен, қашса менен.

Толық

Қарап көріңіз