Өлең, жыр, ақындар

Қойса ба деймін өлеңді

  • admin
  • 08.01.2024
  • 0
  • 0
  • 77
Қойса ба деймін, құрысын, осы өлеңді,
Өртеніп біттім, өртеген отым, сөн енді.
Бар-жоқты шатып, тып-тыныш жатып үйімде.
Жазсам ба деймін, роман, повесть дегенді.
Жазсам ба екен, жаны бір жайсаң қыз жайлы,
Қыз десе сорлы жүректің бәрі сыздайды.
Жігітін қырға, ал өзін Сырға жіберіп,
Сарғайту қандай, сағынту қандай ыңғайлы.
Оп-оңай тағы біреуге бәле ойлатып,
Біреуді қойсам желөкпе етіп тойлатып.
Кейіпкер үшін өзгертіп болмыс бейнемді,
Актер ғып қойсам өзімді-өзім ойнатып.
Өтеуім үшін қаламгар деген парызды,
Екшемей қосып естіген елден аңызды.
Роман жазып, өрнектеп сыртын шығарып,
Жүрсем бе екен жазушы болып жаны ізгі.
Ақындық жолы ауырлау болып барады,
Көзімнен жас та, жүректен қан да тамады.
Ойсырап ойдан, езілген қайран еңсемді,
Көтеріп жүрсек болатын шығар шамалы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біріңді-бірің ұлы санамағын

  • 0
  • 0

Хансың ба, қарасың ба, данасың ба?
Тілегім адамзаттың баласына.
«Ұлымын, ұлықпын» деп, бір Алланың,
Қаһарлы ұшырама жазасына.

Толық

Лермонтовқа

  • 0
  • 0

Жамылып торқа топырақ,
Жатcың ба жырдың қыраны?
Қара көк орман атырап,
Сен көрген қалпы тұр әлі.

Толық

Тәңірім сүйген Таразым

  • 0
  • 0

Тағзым ғып келдім, Таразым, бабаларымның мекені,
Он сегіз мың ғаламда өзіне не жетеді.
Тәу етіп тұрмын, Таразым, ата-анам туған бақ мекен,
Ата-ана мейірім иісіндей далаңнан самал еседі.

Толық

Қарап көріңіз