Өлең, жыр, ақындар

Лермонтовқа

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 54
(Лермонтов қабірінің басында)

Жамылып торқа топырақ,
Жатcың ба жырдың қыраны?
Қара көк орман атырап,
Сен көрген қалпы тұр әлі.
Көзіңнен ұшқан жарқ етіп,
Тұр әлі Машук тауы да.
Ажалдың оғы сарт етіп,
Сағым боп ұшқан бауры да.
Шабытың бойға құйылып,
Жыр төгер мүмкін кезінде.
Кеттің бе қапы қиылып,
Шаттанған шалқар сезімде?
Нөсерлі жырдың шумағы,
Шыға алмай іште қалды ма?
Машук пен Бештау нулары,
Сол жыр ма тұнған алдымда.
Қоршалған асқақ еменмен,
Гүл қойып қабір басына.
Аймалап алау денеммен,
Кеудемді бастым тасына.
Дұға етіп келдім алыстан,
Даланың дара дүлдүлі ем.
Кетіпсің мерт боп намыстан,
Орыс орманының бұлбұлы ең.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалғыздық

  • 0
  • 0

Жалғыздық жанға көп батты,
Жанарым жасқа малшынып.
Жабылып иттер көп қапты,
Жамбасқа түстім жаншылып.

Толық

Қанатың тала көрмесін

  • 0
  • 0

Қанатың тала көрмесін,
Маңдайың мейлі терлесін.
Жігерлі менің жерлесім,
Жалынды менің жерлесім.

Толық

Ой да жоқ, ойландырған арман да жоқ

  • 0
  • 0

Ой да жоқ, ойландырған арман да жоқ,
Армандап мейірім шөлім қанған да жоқ.
Тойымсыз құзғын құлқын шоқымаған,
Жалғанда өлексе де қалған да жоқ.

Толық

Қарап көріңіз