Өлең, жыр, ақындар

Тозбастай көрме тоныңды

  • admin
  • 08.01.2024
  • 0
  • 0
  • 63
Тозбастай көрме тоныңды,
«Кім кесер» деме жолымды.
Тобаңнан Алла жаңылтса,
Білмейсің оң мен солыңды.
«Басылмас деме жалыным,
Қайтпайды деме қарымым».
Қонғанын адам білмейді,
Тайғанын білер бағының.
Тау менен тасты жел бұзар,
Арнасын құздың сел бұзар.
Қағынып туған қара бет,
Сөзімен қаңқу ел бұзар.
Қараңғы арты күн болар,
Күннің де арты түн болар.
Асқақтап бүгін жүргендер,
Кім білсін, ертең кім болар.
Тұлпар да тасқа сүрінер,
Сұңқар да торға ілінер.
Басына бұлт төнгенде,
Қараға хан да бүгілер.
Халықтан асқан дана жоқ,
Халықтан асқан пана жоқ.
«Мен, мен» деп, кеуде соғатын,
Сорлыда саңылау, сана жоқ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарасайдың жүрегін, Андас бидің шешендігің берген бе?

  • 0
  • 0

Қарасайдың жүрегін, Андас бидің шешендігің берген бе?
Суырылдың семсердей сұрқай заман келгенде.
Шыбын жаның шырқырап қиянатты көргенде,
Шамырқана жыр жаздың ішқұсалық шерменде.

Толық

Бірте-бірте

  • 0
  • 0

Бірте-бірте ғайып болып бәріміз,
Ұмыт болар шалқып салған әніміз.
Көшер, кетер, өшер жердің бетінен,
Біздер салған сәулет сарай сәніміз.

Толық

Ит өлім

  • 0
  • 0

Рас болса өмірге адам боп келгенің,
Адам болып, адал өл, ит өліммен өлмегін.
Өлексеге таласқан бұралқы иттер секілді,
Ит өлімдер көбейді, жеңілген кім, жеңген кім?

Толық

Қарап көріңіз