Өлең, жыр, ақындар

Алпыста дейсің, елуде, қырықта демейсің

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 52
Алпыста дейсің, елуде, қырықта демейсің,
Күш қалай дейсің, кімге сен мені теңейсің?
Нәрестесімін мәңгілік шексіз ғаламның,
Қартайдым десең – баласы емес, өгейсің.
Мейірімді анам, мейірман ғалам күн көзі,
Бесікке бөлеп тербетіп шығар түнде өзі.
Адасып кеткен шағымда, айдың нұрымен,
Темірқазығын жағып, қара ормандардан іздеді.
Берді анам ақ сүт ақ дәнін, шырын жемісін,
Желқанат тұлпар баптады тағы мен үшін.
«Сен туған жоқсың қамы үшін қара басыңның,
Сен тудың дейді ел үшін, туған жер үшін».
Ақындықтың да, батырлықтың да жүрегін,
Бергенмін саған, сұсты сұлу түр-өңің.
Шексіз ғаламмын сенің анаңмын мәңгілік,
Мәңгілік барда мәңгілік ғұмыр тілегін.
Жүз жасыңда да жүзіңнен нұрың таймады,
Бұлақтай үнің, бұлбұлдай тілің сайрады.
Мендей анаңның, мейірімді ғаламның құдіретімен,
Отты өлең, ойлы сөзіңнен мұзды мұхит та қайнады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жарқылдап өткен күндерім

  • 0
  • 0

Жарқылдап өткен күндерім,
Арманға тұнған түндерім,
Көзімнен ұшқан гүлдерім,
Жалын боп шарпып жанымды

Толық

Ойнама тағдырмен, ойнама

  • 0
  • 0

Ойнама тағдырмен, ойнама,
«Тағдырым қолда» деп ойлама.
Ғайыптан тауға да шығарып,
Алтын тәж таққа да мұра ғып.

Толық

Сағыныш

  • 0
  • 0

Сағынбас жан бар ма екен,
Сабатты сарыжайлауын?
Сағым боп қайда қалды екен,
Боталы аулым, тайлы аулым?

Толық

Қарап көріңіз