Өлең, жыр, ақындар

Айдарымнан сенсіз жел есілмеді

  • admin
  • 08.01.2024
  • 0
  • 0
  • 68
Кіндік қаным тамған жер, кешір мені,
Сыртта жүрдім тұсауым кесілгелі.
Жер бетінің жүрсем де қай шетінде,
Айдарымнан сенсіз жел есілмеді.
Көп жыл өтті-ау өзіңнен кеткеніме,
Жол қоржынын байлап ап бөктеріме.
Шиырладым сардала, сан қаланы,
Риза болған жан бар ма өткеніне?
Алпыс жастың алдымда баспалдағы,
Артта қалды құзар шың асқарлары.
Сағынышты сазды жыр саған арнап,
Жанарымнан қаншама жас парлады?
Барыс жылы наурыздың бесі күні,
Аштым сенің, туған жер, есігіңді.
Алты ай бұрын қойыпты қайран әкем,
«Жарылқасын болсын» деп, есімімді.
Сары таңы наурыздың атқан кезде.
Бозторғайлар шырылдап жатқан кезде.
Мен де кеппін шырылдап, шығыстан күн,
Шұғыласын әлемге шашқан кезде.
Жырын құйып бозторғай жүрегіме,
«Ақын ет» деп, Алладан тіледі ме?
Өлең айттым келгенде жеті жасқа,
Жөргегімде жеті рет түледім де.
Содан бері, туған жер, ақыныңмын,
Тасқа салсаң таймайтын асылыңмын.
Жүрек қаны, көзімнің жасыменен,
Қасіретін жазамын ғасырымның.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған жер

  • 0
  • 0

Шыр етіп кіндік қаным саған тамып,
Сен құндақтап алыпсың, анам талып.
О, туған жер, сонда мен ес жиғанмын,
Саф ауаңнан жұтынып, тағамданып.

Толық

Артықпын демен өзгеден

  • 0
  • 0

Артықпын демен өзгеден,
Артықпын десем, надан де.
Кеммін де демен өзгеден,
Кем түссем туа жаман де.

Толық

Өкінбейді

  • 0
  • 0

Өкінеді біреулер әкем жоқ деп,
Өкінеді біреулер шешем жоқ деп.
Өкінбейді, сенбейді ешбір адам,
Ақыл-есің егер де десең жоқ деп.

Толық

Қарап көріңіз