Өлең, жыр, ақындар

Артықпын демен өзгеден

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 47
Артықпын демен өзгеден,
Артықпын десем, надан де.
Кеммін де демен өзгеден,
Кем түссем туа жаман де.
Ақынмын алау жаны бар,
Күліп те жылап жүретін.
Жыласа, шындап жылайтын,
Бірақ та мені адам де.
Көлгірсіп сөйлеп беделге,
Басымды иіп шағынбан.
Кімге де болса ақаусыз,
Ақтарыламын ағымнан.
Басынар болса – қағынған,
Кешірім менен күтпесін.
Садаға кетем арымнан,
Ар қымбат – шыбын жанымнан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жырларым менің

  • 0
  • 0

Жырларым менің – жылыстап кеткен жылдарым,
Сілкінтіп таудың көшкінін, сеңін, шыңдарын.
Келешек ұрпақ, келетін барлық ғасырға,
Жырларым менің – ақтарып кеткен сырларым.

Толық

Тілек

  • 0
  • 0

Кім болсаң да, қуанам болғаныңа,
Болғаныңа – тұғырға қонғаныңа.
Адам түгіл ағаштың жапырағы,
Табан асты жатпасын жолда мына.

Толық

Балаларға арман ба, бала шағы

  • 0
  • 0

Балаларға арман ба, бала шағы,
Оларға арман алдағы болашағы.
Болашағы қарттардың қалтыратып,
Қам көңілі қайғыға жол ашады.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер