Өлең, жыр, ақындар

Жұбайым Күміскүлге

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 77
Мен әке де, сен ана он балаға,
Көшіп келдік у-шуы мол қалаға.
Бақыт, байлық бастағы – жалғыз өлең,
Тәуекелге бел бумай жол бола ма?
Теңелгенше тең-құрбы қатарына,
Тізгін бермей талай таң атады ма?
Қара нанға қараса бала-шаға,
Қабырғаңа қаттырақ батады ма?
Өткен өтті, оған кім өкінеді,
Бұра шапсаң бұғана бекінеді.
Бала емеспіз, балаға ата-анамыз,
«Бүлдірдің» деп кім бізге жекіреді?
Қиналарсың көнелеу киіміңе,
Сынап жатыр сырттан кеп кім үйіңе?
Арман бар ма тырбанып тірлік етіп,
Мен өленнің шыға алсам биігіне.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен өзгеше

  • 0
  • 0

Мен өзгеше,
Мен өзгеше Әлеммін.
Ұқсамайтын
Ешбір жанға

Толық

Сырластым жалпақ елмен де

  • 0
  • 0

Сырластым жалпақ елмен де,
Сырластым жаннат жермен де.
Сұрапыл дауыл, селмен де,
Жібектей жұмсақ желмен де.

Толық

Жайылып жастық болып көрінгенге

  • 0
  • 0

Жайылып жастық болып көрінгенге,
Жалғасып жең ұшынан бөлінгенге.
Жасаған жақсылықтың қайтпай бірі,
Ұялдым өзге түгіл өзімнен де.

Толық

Қарап көріңіз