Өлең, жыр, ақындар

Сырластым жалпақ елмен де

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 49
Сырластым жалпақ елмен де,
Сырластым жаннат жермен де.
Сұрапыл дауыл, селмен де,
Жібектей жұмсақ желмен де.
Ай жүзген айдын көлмен де,
Көк торғын мұнар белмен де.
Жаза алмай бірақ жақсы жыр,
Тарқайтын емес шер менде.
Қиқулап құстар келгенде,
Қызғалдақ қыздар тергенде.
Қозы-лақ қырға өргенде,
Құлдырап құлын ергенде.
Желкілдеп бота желгенде,
Енесін алғаш емгенде,
Жазып бір тастап жақсы жыр,
Тарқаушы еді шер менде.
Келесің қашан, көктемім,
Көктемім, тездет жет менің.
Селдете нөсер төккенін,
Тауларға бұлт шөккенін,
Дихандар алып кетпенін.
Малшылар киіп шекпенін,
Астына кемпірқосақтың,
Көрейін кіріп кеткенін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәкен Иманасовқа

  • 0
  • 0

Сәкен ақын, құрдасым, ақындығың ғажайып,
Ғажайыпқа бүгін күн арнап өлең жазайын.
Ақындарға серілік тұрушы еді жарасып,
Серілігің алпыста кеткендей ме азайып?

Толық

Әркімнің көңілі өзіне патша деген

  • 0
  • 0

Әркімнің көңілі өзіне патша деген,
Басынба, байқап сөйлес басқаменен.
Кісімсіп кеуде қаққан біз кінәлі,
Біреулер қашса сенен, қашса менен.

Толық

Айналдым, ата мекенім

  • 0
  • 0

Айналдым, ата мекенім,
Жыл құсы саған екенмін.
Қанатым талып жетемін,
Қия алмай қайта кетемін.

Толық

Қарап көріңіз