Өлең, жыр, ақындар

Дауылпаз көкте саңқылдап

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 69
Дауылпаз көкте саңқылдап,
Туласа толқын теңізде.
Жанарың мұңлы жарқылдап,
Жанымның оты, мені ізде.
Мені ізде көкте найзағай,
Жарқ етіп ағып өткенде.
Бақшаңа қонып сайрамай,
Мұңданса бұлбұл көктемде.
Мені ізде сары белдерден,
Ақ сағым ағып ойнаған.
Таңдайы кепкен шөлдерден,
Мұхитқа мыңдап тоймаған.
Мені ізде түпсіз ғарыштан,
Құйрықты жұлдыз аққанда.
Ақ көбік асау ағыстан,
Сарғайған күзгі бақтан да.
Мені ізде, ізде талмағын,
Телміріп құба таңдарға.
Алданып тағы қалмағын,
Қалмағын тағы арманда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айналдым, ата мекенім

  • 0
  • 0

Айналдым, ата мекенім,
Жыл құсы саған екенмін.
Қанатым талып жетемін,
Қия алмай қайта кетемін.

Толық

Жалғыздық

  • 0
  • 0

Жалғыздық жанға көп батты,
Жанарым жасқа малшынып.
Жабылып иттер көп қапты,
Жамбасқа түстім жаншылып.

Толық

Атыңнан айналайын, Алла деймін

  • 0
  • 0

Атыңнан айналайын, Алла деймін,
Алласыз бұл тіршілік бар ма деймін.
Ғаламның он сегіз мың егесіне,
Ешбірің жалбарынбай қалма деймін.

Толық

Қарап көріңіз