Өлең, жыр, ақындар

Жанның бәрін бірдей көріп

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 64
Жанның бәрін бірдей көріп жүрсем мен,
Басыма әлі іс түспеген екен-ау.
Өмір сүру оңай ғой деп күлсем мен,
Жүрекке әлі күш түспеген екен-ау.
Мына кісі менен мүлдем өзгеше,
Адам жайлы, заман жайлы толғайды.
«Өмір сүру керек бізге ерлерше,
Дейді, заман дүрбелеңсіз болмайды».
«Өтті бастан сүргінің де қырғының,
Өтті бастан неше қатер, неше өлім.
Дейді тағы, – айтқан кейде шындығың,
Білесің бе, өз тіліңді кесерін».
«Бірдей» дейтін, адамдардың барлығы,
Тізіп қойған тәпсі, моншақ деп пе едің,
Әр алуан әр адамның тағдыры,
Бірдей десең, есерлігің тек сенің.
Біреу мені отқа итерсе нақақтан,
Біреу оттан алып шықты арқалап.
Жоқ болса егер бір дұшпаның тас атқан,
Досың да жоқ, деді, жүрер қалқалап.
Жанның бәрін бірдей көріп жүрсең сен,
Шалалығың, балалығың бар әлі.
Өмір сүру оңай ғой деп күлсең сен,
Ақылың да екен, деді шамалы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Теңестіру

  • 0
  • 0

Жойылса егер бұл өмірден бір қиянат күншілдік,
Қиянат пен күншілдікке айналар бір шыншылдық.
Теңестірген таразының қос табағы секілді,
Жамандық пен жақсылықтың өлшемі бір кесінді.

Толық

Күн шығады

  • 0
  • 0

Күн шығады, батады, таң атады,
Балбыратып жанымды жаңа табы.
Таң-тәңірден тілегім – мамыр еткін
Қар боратқан қаңтарды, қарашаны.

Толық

Көңілім қойды ғой бір жайланбастан

  • 0
  • 0

Көңілім қойды ғой бір жайланбастан,
Қарайды-ау жүрегім де майланбастан.
Қаңқылдап қарашада қайтқан қаздай,
Барады күндер өтіп қайран бастан.

Толық

Қарап көріңіз