Өлең, жыр, ақындар

Туған күнім аталмады

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 73
Ешқашан туған күнім аталмады,
Дәм-тұзды досым келіп тата алмады.
Болмады бірде үйім, бірде күйім,
Жандай-ақ жалғыз қалған жапандағы.
Көктемнің туған екем бас кезінде,
Дейді жұрт: «Гүлдей едің жас кезінде».
От шашып, неге көзім қанталайды,
Қасқырдай қоңын жеген аш кезінде.
Бір шоқ гүл жарым келіп ұсынбады,
Белгісіз оның неден қысылғаны.
Әкемнен қолда қалған жалғыз мұра,
Қамшыға қол созсам ба тұсымдағы.
Жұбайым өкпе-назды түсіне ме?
Түсінбей аждаһардай ісіне ме?
Айдатып алдына сап кезекшінің,
Кім білсін, беделімді түсіре ме?
Қуаныш бүгін маған керек еді,
Ешбір жан бірақ мұны елемеді.
Анамның әлде есіне түскен шығар,
Толғатып сүйенгені керегені.
«Құдайдың берген кенже, тұңғышы да –
Осы-ақ» деп мұң шертетін құрбысына.
Бір жылда сол анамды бір-ақ көрем,
Ілесіп барып қайтқан жыл құсына.
Бұл көктем жыл құсымен бара алмадым,
Кешірер жалғыз ұлын жаралғаным.
Ағайын-туыс мені ұмытса да,
Ұмытпас, білем, білем анам барын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қандай ауыр, әттеген

  • 0
  • 0

Қандай ауыр,
Қандай дәуір, әттеген,
Арам болды-ау,
Адамдар да хақ деген.

Толық

Опасыз жалған дүние

  • 0
  • 0

Опасыз жалған дүние,
Дүние үшін күйіне берме, күйіне.
Қонақ екеніңді ұмытпа,
Өзіңнің тіптен үйіне.

Толық

Жеңіс

  • 0
  • 0

Жеңіс, жеңіс, жеңді ерлер өлімді,
Жеңіс үшін қаншама қан төгілді.
Қаншама үйдің шам-шырағы ерте өшіп,
Қаншама ердің қабырғасы сөгілді.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар