Өлең, жыр, ақындар

Қандай ауыр, әттеген

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 105
Қандай ауыр,
Қандай дәуір, әттеген,
Арам болды-ау,
Адамдар да хақ деген.
Сонда Абай
Бетін жуып жаспенен,
Өзіне-өзі:
«Сап, сап, көңілім, сап» деген.
Қауымнан да,
Бауырдан да түңіліп.
Қара жерге,
Қара жер боп үңіліп.
Өксіп өтті-ау,
Қайран ақын өмірден,
Толқын ұрған,
Жар қабақтай үгіліп.
Қандай дәуір,
Қандай ауыр кез еді?...
Ойланбаған,
Бірақ нені сезеді?...
Тынысының тарлығынан
Заманның,
Ақылдының,
Өртеніпті-ау өзегі.
Алтау болып
Туса дағы атадан,
Азап шеккен
Жалғыздықтан, жападан.
Жақыны да,
Жау болыпты Абайға,
Зая кетіп,
Жақсылығы жасаған.
Қайран ақын!
Қайран дана, кемеңгер!
Мезгіл жетіп,
Қол үзіпті-ау сенен ел.
Күйінгеннен,
Күйінішті заманда
Жазыпсың-ау,
Өлмейтұғын өлеңдер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен болып, досым, қарашы

  • 0
  • 0

Мен болып, досым, қарашы дарқан өмірге,
Мен болып, досым, қарашы барлық көңілге.
Араша түскін, жазықсыз жапа шексе жан,
Қайғысын оның көруің мүмкін өзің де.

Толық

Кездерім көп

  • 0
  • 0

Кездерім көп аяқты шалыс басқан,
Шалғандар да көп екен алыспастан.
Қалғаным да көп екен қатар шауып,
Озғаным да көп екен жарыспастан.

Толық

Таласым-ай

  • 0
  • 0

Тасқындап тауды тілген, Таласым-ай,
Таластың дейтін еді даласы бай.
Айнадай атшаптырым айдынында,
Аққу мен жүзуші еді жарасып Ай.

Толық

Қарап көріңіз