Өлең, жыр, ақындар

Ой дегеннің бәрі бірдей ой емес

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 114
Ой дегеннің бәрі бірдей ой емес,
Ойлардың да ойлары бар жемісті.
Той дегеннің бәрі бірдей той емес,
Тойлардың да тойлары бар келісті.
Тұяқтының бәрі бірдей тұлпар ма?
Тұлпарды да таны мыңның іщінен.
Қанаттының бәрі бірдей сұнқар ма,
Сұнқарды да айыра біл түсінен.
Жігіттердің бәрі бірдей демегін,
Жігіттер бар өткірлігі алдаспан.
Тас біткеннің бәрі бірдей демегін,
Кейбір тасың берік тіпті алмастан.
Бір тәуліктің күндізі бар, түні бар,
Түні болмай, күні оның шықпайды.
Мінсіз деген нәрсенің де міні бар,
Кейбір жандар осыны да ұқпайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалғанда, мына жалғанда

  • 0
  • 0

Жалғанда, мына жалғанда,
Жүргеннің бәрі арманда.
Жұлдызы, бағы жанғанда,
Талабы тасты жарғанда.

Толық

Қалқайып есегінің құлақтары

  • 0
  • 0

Қалқайып есегінің құлақтары,
Бұл қарттар жібермейді құр аптаны.
Бір тобы құтты болсын айтып жүрсе,
Бір тобы асқа аттанар жырақтағы.

Толық

Болмаған соң түйсігі, түсінігі

  • 0
  • 0

Болмаған соң түйсігі, түсінігі,
Қайдан болсын бойында кісілігі.
Кісілігі жоқтарға ешқашанда,
Ешбір жанның түспесін ісі, күні.

Толық

Қарап көріңіз