Өлең, жыр, ақындар

Жалғанда, мына жалғанда

  • admin
  • 03.01.2024
  • 0
  • 0
  • 79
Жалғанда, мына жалғанда,
Жүргеннің бәрі арманда.
Жұлдызы, бағы жанғанда,
Талабы тасты жарғанда.
Талпынып қары талғанда,
Қайырылып тұрып қалғанда,
Арманда екен, арманда,
Арманға тұнған жалғанда.
Сен, жаным, бұған таңданба,
Таңдансаң, қара, бар маңға.
Көмескі сүрлеу, соқпақ із,
Кезігер арттан, алдан да.
Асу, құз, қия, жардан да.
Осыны адам салғанда,
Жетемін деген арманға
Жеткізбей жүрген жалғанда.
Жалғанда, мына жалғанда,
Ақиқат-өлім бар жанға.
Бұған да, жаным, таңданба,
Алқымнан ажал алғанда,
Алжасып естен танғанда,
Ақырғы демі қалғанда.
Шаладай көзі жанғанда,
Жанталасқан екен адамдар,
Жетпекші болып арманға
Жеткізбес мынау жалғанда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адам боп келдім өмірге

  • 0
  • 0

Адам боп келдім өмірге,
Адам ғып өткіз, Тәңірім.
Болады екі ғаламда,
Өзіңнің еткен әмірің.

Толық

Өзімді ешкімнен кем санамаймын

  • 0
  • 0

Өзімді ешкімнен кем санамаймын,
Бар жанды өзіме тең бағалаймын.
Бірдейміз бәріміз де Алла алдында,
Бірдейді бөліп қалай алалаймын.

Толық

Біреулер міндет артса асын беріп

  • 0
  • 0

Біреулер міндет артса асын беріп,
Біреулер жүр менен өзін басым көріп.
Бармағы балдылар да наз айтады,
Жазғын деп мақтау өлең қасыма еріп.

Толық

Қарап көріңіз