Өлең, жыр, ақындар

Бозала таңда

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 121
Бозала таңда бозамық шырқау биіктен,
Бозторғай болып боз дала төсін иітсем.
Тоғыз ай толып толғатып жатқан табиғат,
Бозторғай сынды әншімен неткен сүйікті ең.
Жап-жазық жайлау, жасанып жасыл барқыттан,
Жұпарлы самал лебімен бойды балқытқан.
Қабығын жарып шеміршек тұмсық, сары ауыз,
Балапан шығып, шиқылдап жатыр әр тұстан.
Жылтылдап түгі, түлеген тай мен жабағы,
Бір қора жылқы төскейді беттеп барады.
Уызға тойған бота тірсекті боз құлын,
Құйрығын шаншып, құлдырап келіп шабады.
Қаруды байқап қолтыққа қысып жасырған,
Бөріктей бейне бұлдырық ұшар басыңнан.
Қазықтай болып қаздиып тұрған саршұнақ,
Зып берер інге тоңқандай қашып қасыңнан.
Қаршыға, қырғи, жер сүзе ұшса сыпылдап,
Бейшара торғай қорғалап сені құтылмақ.
Табан астыңнан жылан да сусып кетеді,
Атылар оқтай шығарып тілін ысылдап.
Далаға шықсаң көктемнің күйі осындай,
Кездесе берер байқаған жанға тосын жай.
Арса-арса болып аралап келдім көп жерді,
Көкөзек көктем болса да үйде отырмай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Опасыз жалған дүние

  • 0
  • 0

Опасыз жалған дүние,
Дүние үшін күйіне берме, күйіне.
Қонақ екеніңді ұмытпа,
Өзіңнің тіптен үйіне.

Толық

Жалғанда, мына жалғанда

  • 0
  • 0

Жалғанда, мына жалғанда,
Жүргеннің бәрі арманда.
Жұлдызы, бағы жанғанда,
Талабы тасты жарғанда.

Толық

Жақсылығың болмайды

  • 0
  • 0

Бар арманы, аңсары ауғандардың ақшаға,
Жақсылығы болар деп ойламағын басқаға.
Алла берген мейірімнен ада болған жандардың,
Жүрегі де, жаны да айналады тасқа да.

Толық

Қарап көріңіз