Өлең, жыр, ақындар

«Жағдайың сенің жақсы емес» деуші баршылық

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 110
«Жағдайың сенің жақсы емес» деуші баршылық,
Көргенде кейде күйімді менің таршылық.
Талайдың басын тәлкекке салған тағдырға,
Жатырмын сілтеп, тілімді отты қамшы ғып.
Барымды судай шашып та оған малшынып,
Сайран да салғам сақамды атып алшы ғып.
Соқыр ем онда көрмейтін өмір қатпарын,
Көретін болдым бұлақтай көзім аршылып.
Қинайды рас, жоқтығы баста ұяның,
Осынша жанмен қай жаққа барып сыямын?
Жанымды менің жасытпай бірақ тасытып,
Ұшырып көкке келеді қыран-қиялым.
Өлеңім барда жағдайым жаман болмады,
Жарқылдап жатыр жасын боп жанның толғағы.
Баспана жайлы басымды, досым, ауыртпай,
Барымды көргін, нарымды көргін қолдағы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бар еді менде бір костюм

  • 0
  • 0

Бар еді менде бір костюм,
Тарынған емен жоқтыққа.
Қанағат еттім тоқтыққа,
«Северге» тиын жеткенмен,

Толық

Тіршілік-ай, тіршілік

  • 0
  • 0

Тіршілік-ай, тіршілік,
Қалсам оқыс күрсініп.
«Өкінішті» демегін,
Шүкіршілік, құлшылық.

Толық

Тәңірім сүйген Таразым

  • 0
  • 0

Тағзым ғып келдім, Таразым, бабаларымның мекені,
Он сегіз мың ғаламда өзіне не жетеді.
Тәу етіп тұрмын, Таразым, ата-анам туған бақ мекен,
Ата-ана мейірім иісіндей далаңнан самал еседі.

Толық

Қарап көріңіз