Өлең, жыр, ақындар

Күннен-күнге барамын ба бөтенденіп

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 140
Күннен-күнге барамын ба бөтенденіп,
Сыр бердің, сылқым өмір, секемденіп.
Өзіңді өліп-өшіп сүйгендіктен,
Деуші едім «құшағыңда кетем бе еріп?»
Бәрін де салқындықтың сезеді ішім,
Сонда да сен – жырымның өзегісің.
От кеміп өн бойымнан лапылдаған,
Өзгеріп бара жатыр неге түсім.
Қап-қара шаш та міне ағарыпты,
Бұлшық ет о да босап таралыпты.
Сұлудың шым денесін шымырлатқан,
Жігіт ем күні кеше қара мұртты.
Жүрек те байыздапты дүрсілдеген,
Не ләззат табар әлсіз бүлкілменен.
Аңсаттың ауыздықсыз арынынды,
Пайда жоқ сілкігенмен, күрсінгенмен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шыңғыс ханға

  • 0
  • 0

Жалпақ әлем жартысын тізесімен илеген,
Жалаң қылыш жүзімен жарты әлемді билеген.
Ұлы қаған Шыңғыс хан соңғы демі бітерде,
Өтті екен өмірден қандай көңіл күйменен.

Толық

Боз дала, құлының ем төсіндегі

  • 0
  • 0

Боз дала, құлының ем төсіндегі,
Төсіңде туып едім көсілгелі.
Шідерім неге менің шешілмеді,
Үздіге үзіп кетсем, кешір мені.

Толық

Есепсіз күнде адаммен жолығамын

  • 0
  • 0

Есепсіз күнде адаммен жолығамын,
Таныстар көше бойы тобыр ағын.
Кездесіп біреуіне – жадырасам,
Кездесіп біреуіне – торығамын.

Толық

Қарап көріңіз