Өлең, жыр, ақындар

О, Алыпсоқ, білесің бе, қалды қанша ғұмырың

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 57
О, Алыпсоқ, білесің бе, қалды қанша ғұмырың,
Мойынында темір шынжыр, түні бойы ұлыдың.
Тұнып тұрған тыныштықтың тереңінен сыр тартып,
Мен де отырмын, тозса дағы, «тозбады, деп, жұлыным».
Азаптанып, аласұрып, босамадың жарты адым,
Жүрегінде жатыр екен, қанша қайғы, қанша мұң.
Сен тілесең еркіндікті, ерен ойды мен тілеп,
Дана сөздің дариясын кешемін деп шаршадым.
Қараңғы түн, қаптаған ой, қалай жаның тыншымақ,
Сыртқа шықсам, тұр екенсің көкке қарап қыңсылап.
Сен иеңнен ала алмасаң мына таңға кеңшілік,
Мен киемнен ала алмадым жарты шумақ жыр сұрап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыртымнан кесек атпаңдар

  • 0
  • 0

Сыртымнан кесек атпаңдар,
Сыртымнан мені сатпаңдар.
Жан болсам жұртқа жағымсыз,
Көзімше ғана даттаңдар.

Толық

Өлең шіркін

  • 0
  • 0

Өлең шіркін көнеді ме бұлтаққа,
Бұлтақтасаң үнің жетпес ұрпаққа.
Жалғыз ғана шындық керек біз үшін,
Жан алғыштың алдына кеп тұрсақ та.

Толық

Күліп тұрған дүние жылап қалып

  • 0
  • 0

Күліп тұрған дүние жылап қалып,
Асқақтаған арманым құлап қалып.
Көріне алмай көзіне көптің енді,
Отырдым мен жылыстап жырақ барып.

Толық

Қарап көріңіз