Өлең, жыр, ақындар

Балам-ау, неткен бақытты, нұрлы заманың

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 59
Балам-ау, неткен бақытты, нұрлы заманың,
Шаттыққа толы жанарың, құтты қадамың.
Мекенің мынау, мектебің анау – бәрі сай,
Гүлі боп өсіп келесің Отан-ананың.
Тапшылық, тарлық көрмедің астан, киімнен,
Қуаныш, күлкі үзілген емес үйіңнен.
Көрем де сенің қайғысыз, мұңсыз жүзіңді,
Өзегі нұрлы өмірге, балам, сүйінем.
Бірақ та, балам, ғаламат мына ғасырда,
Бұл бақыт саған оп-оңай келіп жатыр ма?
Жұлдызы жиырма миллион жанның сөніпті,
Біз үшін сонау қырқыншы жылдар басында.
Бақыт жоқ, балам, өзі кеп басқа қонатын,
Кездесер күндер тоңатын, әлі толатын.
Кеудесі мынау жарқылдап жүрген ағалар,
Қилы да қилы жолдардан өткен болатын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жоқшыдай жоғын іздеген

  • 0
  • 0

Жоқшыдай жоғын іздеген,
Жолаушы жанбыз біз деген.
Қалмады орман сүзбеген,
Қалмады сулар жүзбеген.

Толық

Жыр селі

  • 0
  • 0

Кейбірде жігерім құм болып,
Талықсып құлаймын төсекке.
Жырсыз күн өтеді мұң болып,
Саналмай тіршілік есепке.

Толық

Айдарымнан сенсіз жел есілмеді

  • 0
  • 0

Кіндік қаным тамған жер, кешір мені,
Сыртта жүрдім тұсауым кесілгелі.
Жер бетінің жүрсем де қай шетінде,
Айдарымнан сенсіз жел есілмеді.

Толық

Қарап көріңіз