Өлең, жыр, ақындар

Табиғаттың заңына бағынасың

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 135
Табиғаттың заңына бағынасың,
Кімге бұдан кұтқар деп шағынасың.
Сіңіп кеткен сағымға сайғақтардай,
Күндерінді күрсіне сағынасың.
Ақ түсіпті шашқа да, самайға да,
Өзгереді бұл өмір қалай ғана?
Таң атып тұр сол қалпы, күн шығып тұр,
Ай туып тұр сол қалпы, арайлана.
Мен туғанда көк-жасыл көктем екен,
Туған күні ақ жауын төккен екен.
Ақ жауындай алдыңда, ей, дүние,
Сезімімді себелеп өтсем екен.
Жарқырасын жұлдызым маңдайдағы,
Дәмі кетпей тәтті әннің таңдайдағы.
Жабымын ба, мен әлде жүйрікпін бе?
Жүйрік аз ба жүдеген жанбай бағы.
Көрсем екен бәрін де, көрсем екен,
Бар-жоғымды халқыма берсем екен.
Аз емес қой арманда өткен ақын,
Ризығымды армансыз терсем екен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайда менің кешегі сыйластарым

  • 0
  • 0

Қайда менің кешегі сыйластарым,
Қайда менің ет-бауыр қимастарым.
Еске түсіп жанымды елжіретіп,
Еңіретті-ау маңдайға сыймастарым.

Толық

Кіл маржан көкке себелеп

  • 0
  • 0

Кіл маржан көкке себелеп,
Сүмбіл түн шым-шым жетті де.
Үкідей үлпек ебелек,
Бұйықты шыққа бөкті де.

Толық

Көп болса білгеніңнен білмегенің

  • 0
  • 0

Көп болса білгеніңнен білмегенің,
Хош алғын білімдіні, күндемегін.
Жаулассаң өзіңе жау жазығы жоқ.
Орынсыз ата-анасын тілдемегін.

Толық

Қарап көріңіз