Өлең, жыр, ақындар

Қас батыр Қарасайдың ұрпағымын

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 60
Қас батыр Қарасайдың ұрпағымын,
Ұрпағымын, Жамбылдай жыр-таңының.
Мәңгілік өшпес менің аты, затым,
Төбемде төңкеріліп тұрса күнім.
Жыр, дастан – Қарасайдың батырлығы,
Жамбылдың әлемге аян ақындығы.
Қос пірім қосылғанда қолдар мені,
Кеудемде рухы менен жатар нұры.
Әулетпіз табанға арын таптатпаған,
Ошағын ожарларға аттатпаған.
Үлгі алса менің әжем бабасынан,
Әдебін енесінің сақтапты анам.
Қылық жоқ қыздарында секендеген,
Ұлдары тасқа салса өтем деген.
Айналған астанаға бұл аймақты,
Әулетпіз ежелден біз мекендеген.
Осы жер үшін менің ата-бабам,
Қан кешкен, қан түкірген, қаталаған.
Қорғаумен туған жерін өмірі өтіп,
Басқаға ала көздік жасамаған.
Қалдырды Жетісуын ұрпағына,
Кімде бар мұнша байлық, мұнша мұра.
Көк желек, күміс тәжді Алатауға,
Қарап тұр, әлем нұры – күн шағыла.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктем саздары

  • 0
  • 0

Көбесі жердің сөгіліп,
Жырадан жылға тараған.
Тамыры талдың көрініп,
Өріліп түсіп жағадан.

Толық

Жаңа жылдан күтерім

  • 0
  • 0

Тыныштық күтем әлемге,
Дарқандық күтем даламнан.
Жақсылық күтем бар елге,
Ізгілік күтем адамнан.

Толық

Ата-анама

  • 0
  • 0

Сендер келген пәниге мен де келдім,
Таусылмайтын жолы бұл пенделердің.
Сендер кеткен бақиға менде кетіп,
Азаланып бір күні жерленермін.

Толық

Қарап көріңіз