Өлең, жыр, ақындар

Жаңа жылдан күтерім

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 149
Тыныштық күтем әлемге,
Дарқандық күтем даламнан.
Жақсылық күтем бар елге,
Ізгілік күтем адамнан.
Жаңалық күтем күн сайын,
Той-думан күтем дүбірлі.
Сәбилер күтем үй сайын,
Бақытты үбір-шүбірлі.
Адалдық күтем ақ қанат,
Махаббат күтем баянды.
Сән менен күтем салтанат,
Бау-бақтан күтем саяңды.
Енбектің күтем жемісін,
Ерліктің күтем еренін.
Шындықтың күтем жеңісін,
Ақылдың күтем тереңін.
Қуаныш күтем болмаған,
Татулық күтем баршаға.
Бақ құсын күтем қонбаған,
Қонбаған әлі қаншама.
Күтерім сенен көп менің,
Адамзат үшін әлемде.
Алдырмай жатқан өрт демін,
Ерлер мен елге сәлем де.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алла, Аруақ жебеді

  • 0
  • 0

Алла, Аруақ жебеді,
Қатарға қосты, теңеді.
Ата-анадан бір жалғыз,
Жарым көңіл мен еді.

Толық

Жайылып жастық болып көрінгенге

  • 0
  • 0

Жайылып жастық болып көрінгенге,
Жалғасып жең ұшынан бөлінгенге.
Жасаған жақсылықтың қайтпай бірі,
Ұялдым өзге түгіл өзімнен де.

Толық

Бір басыма

  • 0
  • 0

Бір арнадан тараған тау бұлағы секілді,
Бір басымда мың арман кетіреді есімді.
Қыран болып мұз балақ құйылам да қиядан,
Тұлпар болып, кең далам, дүбірлетем төсіңді.

Толық

Қарап көріңіз