Өлең, жыр, ақындар

Апта, айлар,тоқтамас зымыраған

  • admin
  • 03.01.2024
  • 0
  • 0
  • 100
Апта, айлар,тоқтамас зымыраған,
Бірге зырлап барады ғұмыр-адам.
Елес беріп бейнесі келешектің,
Естіліп тұр келешек жыры маған.
Ашылмаған әлемде сыр қала ма?
Жаңалықсыз жалпақ ел құр қала ма?
Сыбырлаған сыбыры бір қаланың,
Естіліп тұр сол сәтте бір қалаға.
Айдан келіп жатырмыз, Айға барып,
Айға барған бұрын-соң қайда халық?
Отынсыз-ақ үй-жайды жылытамыз,
Күн шуағын бұл кезде пайдаланып.
Пайдаланып жатырмыз жоқтан-барды,
Шығарамыз – керек пе, оттан қарды?
Қуантқанмен барлығы, қайғым да бар,
Қайғым – бомба, мылтықтың оқталғаны.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айтар сөзді ұғуға сана керек

  • 0
  • 0

Айтар сөзді ұғуға сана керек,
Айтпасаң да сезеді дана зерек.
Ақыл айтып арыма ақымаққа,
Ақымақ боп өлгенше қала бермек.

Толық

Көкірегі күйлі өмір, шерлі өмір

  • 0
  • 0

Көкірегі күйлі өмір, шерлі өмір,
Сенде өсіп солып жатыр сенде гүл.
Соның бәрін енді-енді түсіндім,
Ақымақпын, ақымақпын мен де бір.

Толық

Сонау бір, сонау келер замандарда

  • 0
  • 0

Сонау бір, сонау келер замандарда,
Ақыл-ой, асып-тасып адамдарда.
Болмастан сараңдар да, надандар да,
Жағымсыз, жарты ауыз сөз таппас ешкім,

Толық

Қарап көріңіз