Өлең, жыр, ақындар

Сезім қайда, Құдай-ау, лапылдаған

  • admin
  • 03.01.2024
  • 0
  • 0
  • 101
Сезім қайда, Құдай-ау лапылдаған,
Жанып кете жаздайтын жақындаған.
Ой да салқын бұл күнде, бой да салқын,
Жүректі аяз қариды сақылдаған.
Өмір бойы жалындап өтем деп ем,
Салқындықтан сескендім төтен келген.
Қайда ұшып кетті екен аққу, қазым,
Айдынымды аймалап мекендеген.
Осы ма еді, жалған-ау, жалғандығың,
Жылыта ма жанымды қалған күнің?
Қандай екен сыбағаң алдымдағы,
Бәріне де өткеннің армандымын.
Қайта оралтсаң бал-дәурен базарыңа,
Тарқар ма едің тойдырып ажарыңа?
Күңірентіп қобыздай қойдың тағы,
Бұған менің жүрегім жазалы ма?
Сүйе білген жүрегім, күйе білген,
Жүрек қылын айырма тиегінен?
Сүтпен сіңген сүйекке қайран өлең,
Сүйемелдеп келеді иегімнен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шыңғыс ханға

  • 0
  • 0

Жалпақ әлем жартысын тізесімен илеген,
Жалаң қылыш жүзімен жарты әлемді билеген.
Ұлы қаған Шыңғыс хан соңғы демі бітерде,
Өтті екен өмірден қандай көңіл күйменен.

Толық

Өзіңсің ақын

  • 0
  • 0

Өзіңсің ақын, түн бойы тұңғиық ойда жататын,
Бір шумақ сырлы жырменен қарсы алып таңды ататын.
Сайраса құстар сан түрлі сыр түйіп тыңдар сен ғана,
Күй шертер күйшің – табиғат, мұңдасың, досың – кең дала.

Толық

Жан қадірін білдірмеген жастық-ай

  • 0
  • 0

Жан қадірін білдірмеген жастық-ай,
Ар қадірін білдірмеген мастық-ай.
Адамдардың, мынау қысқа ғұмырда,
Өзіне-өзі жасап жүрген қастығы-ай.

Толық

Қарап көріңіз