Өлең, жыр, ақындар

Желпінткен туған жердің белендерін

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 113
Желпінткен туған жердің белендерін,
Тербеткен айдын көлдің тереңдерін.
Мендегі ыстық құшақ сағынышпен
Аймалап өлеңдерім көрер ме едің,
Алауын жүрегімнің, ақ жалынын,
Айта алмай келесің-ау, өлеңдерім.
Алтындай Қызылжардың топырағы,
Алыптай сап түзеген шоқылары.
Мен туған қыстақ орны бабалардың –
Мен үшін құм жамылған Отырары.
Өлеңім, сен осыны жыр етпесең,
Толғанып Жарылқасын отырады.
Шалғыны, шабындығы, шалқар көлі,
Қаз, үйрек, ақ қояны, арқар, белі.
Жырақта жүрсем дағы жұма сайын,
Көлбеңдей көкжиектен тартар мені.
Жетпеген менің тілім бұл суретті,
Өлеңім жеткізіп бір айтар ма еді!
Үш төбе, Жеті төбе, Қызыл кесек,
Қызылжар, Қызыларық – алтын бесік.
Жыңғылды ой, Көкдала мен Тектұрмаста
Төрт түлік асыр салған еркін өсіп.
Осындай жер жәннатын жыр етпеген,
Ақынның тастар едім тілін кесіп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Хайдар Арыстанбекұлына

  • 0
  • 0

Абызы болдың халықтың,
Аңызы болдың халықтың
Бірісі болдың алыптың,
Ірісі болдың алыптың,

Толық

Асыл анам

  • 0
  • 1

Асыл анам,
Ақ сүтіңді,
Қалай ғана ақтармын?
Ақ сүтіңнің тамшысына,

Толық

Күннен-күнге барамын ба бөтенденіп

  • 0
  • 0

Күннен-күнге барамын ба бөтенденіп,
Сыр бердің, сылқым өмір, секемденіп.
Өзіңді өліп-өшіп сүйгендіктен,
Деуші едім «құшағыңда кетем бе еріп?»

Толық

Қарап көріңіз