Өлең, жыр, ақындар

Шықтарын төкті боз көде

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 93
Кер дала кербез сағымды,
Туған жер, жаннат жанарым.
Алыстан сынап бағымды,
Аттанып кетіп барамын.
Момақан қоңыр төсіңде,
Қаншама менен із қалды.
Бәрі де, бәрі есімде,
Дос жүзі, дұшпан ызғары.
Шығарып салып ұл-қыздар,
Кейіндеп қалып барады.
Сорғалап түскен жұлдыздар,
Созылған жалғап араны.
Тамаққа тастар түйіліп,
Келмедік доспен сөзге де.
Біз үшін қош деп иіліп,
Шықтарын төкті боз көде.
Тебіреніп тау да мен үшін,
Бүк түсті бүрген, жалбыздар.
Қия алмай жүрген ел үшін,
Қанша екен мендей жалғыздар?
Қарайлап сенің қараңа,
Туған жер кетіп барамын.
Арманын қуған балаңа,
Батасын бергін ананың.
Бозамық таңда бозторғай,
Мен едім, ұшқан төсіңнен.
Көкте күн, қолын созғанда ай,
Шықпассың мәңгі есімнен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болады бәрі, толады

  • 0
  • 0

Болады бәрі, толады,
Толады да солады.
Жандылар түгіл жансыз да –
Жалғанның аз күн қонағы.

Толық

Бауыржанның монологі

  • 0
  • 0

Ұлы далам – Ұлы Анам!
Еділ Баба, Тұмар Ана –
Ата-баба мекені,
Бақидамын, пәни депті тіршілікті,

Толық

Ой да жоқ, ойландырған арман да жоқ

  • 0
  • 0

Ой да жоқ, ойландырған арман да жоқ,
Армандап мейірім шөлім қанған да жоқ.
Тойымсыз құзғын құлқын шоқымаған,
Жалғанда өлексе де қалған да жоқ.

Толық

Қарап көріңіз