Өлең, жыр, ақындар

Қанатың тала көрмесін

  • admin
  • 03.01.2024
  • 0
  • 0
  • 119
Қанатың тала көрмесін,
Маңдайың мейлі терлесін.
Жігерлі менің жерлесім,
Жалынды менің жерлесім.
Жүлделі болдың жасыннан,
Жүлдесіз болу ерге сын.
Қалқан боп тұрар ызғарға,
Кеудесін төсер мұз-қарға.
Өзіңдей ұл мен қыз барда,
Асады шыңнан шыңдарға
Арқау боп дастан, жырларға.
Қиындық талай кездесер,
Кездессе ерлер белдесер.
Бағы үшін туған елінің,
Бақытты болар терлесе ер.
«Бейнеттің түбі – зейнет», – деп
Айтпаған баста ел бекер.
Жолынан әке танбаған,
Ерлігін өлмес жалғағын.
Асулар қанша алда мың,
Артамын деген салмағын.
Қыранның ұлы қыранша,
Бұдан да биік самғағын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жоқшыдай жоғын іздеген

  • 0
  • 0

Жоқшыдай жоғын іздеген,
Жолаушы жанбыз біз деген.
Қалмады орман сүзбеген,
Қалмады сулар жүзбеген.

Толық

Адалдыққа сүйіндім

  • 0
  • 0

Адалдыққа сүйіндім,
Арамдыққа күйіндім.
Жақсылыққа иілдім,
Жамандыққа шүйілдім.

Толық

Бар қазақтың Бауыржаны

  • 0
  • 0

Бар қазақтың Бауыржан – намыс, ары,
«Жоқ» дегеннің жақтары қарысады.
Баукең рухы мәңгілік шындық үшін,
Зұлымдықпен, зұлматпен алысады.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар