Өлең, жыр, ақындар

Жаужүрек

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 57
Өзендегi көпiрге
Жайғасыпты Қарақұрт.
Арғы бетке өтуге,
Дауалайды қалай жұрт.
Қарақұрттың қорлығы-ай,
Басынғаны-ай, зорлығы-ай.
Көрiп оны алыстан,
Өте алмай тұр Арыстан.
Болса дағы бойда күш,
Жасқанады Жолбарыс.
Өтпек болған
Қасқырды
Қарақұрт тым састырды.
Бата алмай Түлкi тұр.
Сиыр, Түйе, Жылқы тұр.
Қарақұртқа бармақтай
Амал таппай, əл таппай,
У-шу болып жиналып,
Тұрды бəрi қиналып.
Осы кезде –
Қой келдi,
Жабыла оған жол бердi.
Қаймықпай ол дөп барды,
Қарақұртты жеп алды.
– Неткен, неткен Қой батыр! –
Деген бəрi ойда тұр...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шабан атқа бәйге

  • 0
  • 0

Ерте-ерте, ертеде,
Қазірден көп бұрын,
Онда мына өлкеде,
Трамвайлар жоқ-тұғын.

Толық

Жолбарыс батырдың түсі

  • 0
  • 0

Батыр бастап жорықты,
Пана болған халқына,
Көрген түсін жорытты,
Ақылгөй ел қартына.

Толық

Ертең ерте

  • 0
  • 0

Таң атқанда арайлап,
Оянады бар аймақ.
Бiр кiрiп те, бiр шығып,
Басталады тiршiлiк.

Толық

Қарап көріңіз