Өлең, жыр, ақындар

Жолбарыс батырдың түсі

  • 27.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3078
Батыр бастап жорықты,
Пана болған халқына,
Көрген түсін жорытты,
Ақылгөй ел қартына.

– Түсімде екі арыстан,
Екі қасқыр көрдім мен,
Екі түлкі көрдім мен,
Екі қарсақ көрдім мен...

– Түстің мынау байыбы:
Тітіркенткен жаһанды,
Екі арыстан, зайыры –
Ата-бабаң қаһарлы.

Екі қасқыр азулы –
Тайсалмайтын, қайтпайтын,

Өзімізбіз қазіргі
Келген жауды таптайтын.

Кейінгі ұрпақ тірлігі
Болады екен шырқы жоқ.
Алдауменен бір-бірін
Күнелтеді түлкі боп.

Ал одан соң... қарсақтай
Ұрпақ болмақ тым майда.
Қорғалақтап жан сақтар...
Айта алмаймын бұл жайда...

Қарт – кеніші ақылдың,
Айтар ойын қорытты.
Көрген түсін батырдың
Осылай деп жорыпты...

Сол қарт айтқан бұрынғы,
Түлкілерміз қазір біз.
Әккі болып жырынды
Алдауға әр кез әзірміз.

Ал қарсақтар қандай аң?
Қорықса қашқан күйінде,
Кері шықпай қайтадан,
Өледі аштан інінде.

Өмір сүрер тайсақтай,
Қарсақ болар күн алда.
Ұрпақ келсе қарсақтай,
Жойылдың де мұнан да...

Мұның аты түс екен,
«Түс – түлкінің боғы» екен.
Шынын айтсам, қанеки –
Түсте шындық жоқ екен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сылтау

  • 0
  • 0

Жарысқанда балалар,
Қосылды оған Жарқын да.
Жүгiруге жарамай,
Қалып қойды артында.

Толық

Себеп

  • 0
  • 0

Алдым бүгiн «екiлiк»,
Ойламап ем сұрар деп.
Қорықпаймын,
Жекiрiп,

Толық

Теңізші

  • 0
  • 0

Арманым бар ең iзгi,
Армандаумен келем мен.
Матрос болып теңiздi
Жүзсем кешiп кемемен.

Толық

Қарап көріңіз