Өлең, жыр, ақындар

Он үш шабдалы

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 65
Алып келген шабдалы
Он үш едi.
Нарқы қымбат базардың
Жемiсi едi.
Əкесiнiң əуес ас
Базарлығын
Үш баласы қалайша
Бөлiседi?
Дəл бөле алмай үш бала
Тартынып тұр.
Үшке бөлсе, бiреуi
Артылып тұр.
– Ол артығын мен жейiн
Үлкенмiн, – деп
Үлкенiнiң өкпесi
Алқынып тұр.
– Жасым үлкен, үлкенмiн
Бой жағынан.
Осы əдiлдiк келсек те
Жол жағынан...
– Болмайды, – деп көнбейдi
Екi iнiсi,
Сол жағынан шығып бiр,
Оң жағынан.
Еш ақылға үшеуi
Келiспедi,
Күн ұзаққа созылып
Керiстерi.
Бiреуiне бiреуi
Берiспедi,
Мəмiлеге келмедi,
Жеңiспедi...
Болмас, сiрə, бермесем
Өзiм бөлiп,
Бұл таласты тұрған соң
Көзiм көрiп,
– Ал, тыңдаңдар үшеуiң
Мен бөлейiн,
Мынау менiң тоқетер
Сөзiм берiк.
– Бесеуi – «беске» оқитын
Саған тисiн,
Төртеуi – «төртке» оқитын
Саған тисiн,
Үшеуi – «үшке» оқитын
Саған тисiн...
Он үшiншi – əдiл би
Маған тисiн.
Қарамаңдар жасқа да,
Бой жағына,
Қарау керек əрқашан
Ой жағына,
Бiреуiң дау айтпайсың
Бұл бөлiске,
Бұдан былай сал күштi
Сол жағына...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дегбірсіз

  • 0
  • 0

Жаңа ғана пiсiрген
Бұл ып-ыстық сүт едi.
Асығып тұр iшуге
Қалай шыдап күтедi?..

Толық

Ұмытшақ

  • 0
  • 0

Ұмытшақ Жүсiп түс көрдi,
Түсiнде қызық iс көрдi.
Жалғыз өзi
Түсiнде,

Толық

Əркімнің ойы әр басқа

  • 0
  • 0

– Қонақ келдi үйге, – деп,
Атасы қой сойып жатыр.
Ал, анасы кимелеп,
Ошаққа от қойып жатыр.

Толық

Қарап көріңіз