Өлең, жыр, ақындар

Ұмытшақ

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 700
Ұмытшақ Жүсiп түс көрдi,
Түсiнде қызық iс көрдi.
Жалғыз өзi
Түсiнде,
Шөп шабуға келедi.
Шабдар аттың үстiнде
Бүкең-бүкең желедi.
Қоржын толы тамағы,
Шалабы бар бiр қарын.
Таңдады тау қабағын
Жерi майса,
Гүл қалың...
Айтар болсақ
Арғысын,
Тұрды дел-сал күйiнде.
Шөп шабатын шалғысын,
Сөйтсе,
Ұмытқан
Үйiнде...
Тағы бiрде
Түсiнде
Балықшы екен – қараса,
Отыр қайық үстiнде,
Көлде өзi оңаша.
Ескегiн тез еседi,
Терең жерге жетiптi.
Ау тастайтын десе ендi,
Оны
Ұмытып
Кетiптi...
Жəне бiрде
Қараса –
Комбайншы – өзi екен.
Шабуға ол жараса,
Егiн пiскен кезi екен.
Кiрiсе бер тек iске,
Шапсаң егiн дап-дайын.
Сөйтсе, өзi кеп егiске,
Ұмыт
Қалған
Комбайн...
Содан шошып оянды-ау,
Қызығы бұл түсiнiң –
Олақтығы болар-ау
Өңiндегi iсiнiң.
Оның барлық себебiн
Анықтаған,
Бiлген –
Мен.
... Сабағына дəптерiн
Күнде
Ұмытып
Жүргеннен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тілашар

  • 0
  • 0

Астанамыз – Алматы.
Алатау асқақ аясы.
Алқабында атақты
Алқызыл апорт алмасы.

Толық

Шекарашы

  • 0
  • 0

Шығыс жақта таң атса,
Батыс жақта күн батқан.
Солтүстiкте қар жатса,
Оңтүстiктi гүл жапқан.

Толық

Ерке

  • 0
  • 0

Ерке Нұрлан бұртиып,
Ашпай отыр қабағын.
Алдында астың түр-түрi,
Қинайды iшпей тамағын.

Толық

Қарап көріңіз