Өлең, жыр, ақындар

Сауал

  • admin
  • 27.12.2023
  • 0
  • 0
  • 78
(Академик Жабайхан Әбділдинге)

Қозғалмас құс қанатсыз, көш көліксіз,
Уа, Жәке, ортамызға хош келіпсіз!
Жаһанды оймен шолып, көзбен танып,
Асты­-үстін дүниенің тексеріпсіз.
Қу сөзді қуырғанмен май шыға ма,
Болмаса өзіңіздей ойшыл аға.
Жабайхан деген атың жастан мәлім,
Ұйымас айтқаныңа қайсы дана?!
Шүйгінді шөп шыға ма тегін жерге,
Танылар тұлпарлығың тегіңнен де!
Қазақтың қара тілі Сіз бе дейміз,
Аузыңнан інжу-­маржан төгілгенде.
Жақсы аға, жаның таза жыр аңсаған,
Сыртыңнан саулық тілеп жүрем саған.
Жарыста таймен озған толып жатыр,
Өзіңдей оймен озған бірен­-саран.
Атыңа мақтауды жұрт көп айтады,
Айтылар аман жүрсек талай тағы.
Даңқының өзінен де биіктеу тұр,
Халқының қарапайым Жабайханы!
Енші бер езуіңнен бөле­-жара,
Сауал көп шешілмеген, кемел аға!
Сандығы жерде тұрған дүниенің
Кілті аспанда осы неге ғана?...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Су перісі, қайдасың?

  • 0
  • 0

Мына дерттің таба алмадым айласын,
Жүрегіме қалай уын жаймасын?
Адамзаттың баласынан үміт аз,
Арашала, Су перісі, қайдасың?!

Толық

Қызыл алма – қыздар-ай!

  • 0
  • 0

Жүрегімді жандырған,
Өзегімді талдырған,
Ақыл-естен тандырған,
Шіркін, қыздар-ай!

Толық

Оразбай басында

  • 0
  • 0

Құлазитын секілді Тұнай тауы,
Ескі қыстау көргенді мұңайтады.
Өшкен ошақ,
Өлген үй,

Толық

Қарап көріңіз