Өлең, жыр, ақындар

Су перісі, қайдасың?

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 523
Мына дерттің таба алмадым айласын,
Жүрегіме қалай уын жаймасын?
Адамзаттың баласынан үміт аз,
Арашала, Су перісі, қайдасың?!
Су перісі, іздегенде сені мен,
Үн қатпасаң арманымның төрінен:
Жарық күнді көре тұрып, көрмеймін,
Тәтті өмірді сүйе тұрып, жерінем!
Тұтанғанда ессіз ләззат оты сәл,
Еркің білсін, бір тозаққа екі сал.
Мен емеспін жырындағы Пушкиннің
Соншалықты сорлы болған сопы шал.
Түн ішінде судан шықсаң ұрланып,
Мен қараймын бір­ақ сәтке мұңданып.
Өрттей жанған жанарыңның ішінде
Шыбын жаным шырайланар нұрланып!.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тарбағатайға

  • 0
  • 0

Жасырын жүрген бір мұңға
Жалындап барып батайын.
Өзгеше еді-ау бұлтың да,
Туған жер – Тарбағатайым.

Толық

Бола бермес үнемі көздегенің

  • 0
  • 0

Бола бермес үнемі көздегенің,
Өмір әр кез істетер өз дегенін:
Кенеп болып шығады –
Қамқа десең,

Толық

Періштенің пырағы

  • 0
  • 0

Шыныменен салса құдай көз қырын,
Құяды екен құлдарына өз нұрын.
Қайда жүрсің қоңырауың сыңғырлап,
Ай астында ойнақтаған боз құлын?

Толық

Қарап көріңіз