Өлең, жыр, ақындар

Жер шары жалғызсырап...

  • admin
  • 27.12.2023
  • 0
  • 0
  • 72
...Білемін сені, аяулы Бостандығым,
Халқымның көп сарғайып тосқандығын.
Қазаққа ғарыштан да теңдік тиіп,
Самғауға шақырады аспан бүгін!
Жырламай мұны қалай үнсіз қалам?
Айтпасам ақиқатты құнсызданам.
Кім келіп­-кетіп жатыр шаруасы жоқ
Тылсымның төріндегі мұңсыз ғалам.
Зуылдап жердің ұшқыр зымыраны,
Ғарышты бетке ап қанша зымырады.
Жұлдыздар тұңғиықта жүзген алыс,
Ашқан жоқ адамзатқа сырын әлі.
Жар болсын жаратқанның жалғыз өзі,
Тылсымның тіл қататын келді кезі.
Сығалап жеті қатқа телескоптан,
Қаншама ғалымдардың талды көзі.
Ойланбай дүние сыры еленбейді,
Түбіне түскен сайын тереңдейді.
Ғаламның он сегіз мың ортасында
Жер шары жалғызсырап елеңдейді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ғабиден Мұстафин қазасына

  • 0
  • 0

Қайыспаған қара нар ең ауырға,
Майыспаған қарағай ең дауылға.
Сен құлады деген хабар кенеттен
Қатты тиді ағаға да, бауырға.

Толық

Наз көңіл

  • 0
  • 0

Алдымнан сені көрсем таң атқандай,
Келсеңші сағындырмай, ей, ақ маңдай!
Сәулем­ай, сүттен таза, судан тұнық,
Періште өз қолымен жаратқандай.

Толық

Кіндік жыры

  • 0
  • 0

Жұрнағым бар там-тұмдаған,
Тірлігім бар қалтылдаған.
Қылдан нәзік,
Күн нұрындай

Толық

Қарап көріңіз