Өлең, жыр, ақындар

Жемқорлыққа қарсымыз

Жемқорлыққа жастар түгел қарсымыз
Тамырымен түгел жою шартымыз
Дәл қазірден күреспесек бұл дертпен
Болып шығар алдың жалын артың құз

Пара беріп пара алған сыбайлас
Атам қазақ бұндай іске болған қас
Сыбайластық жайласа егер жерімді
Ешқашан да жақсылыққа бастамас

Ойлан жастар келешекті ойлаған
Жемқорлықпен ұлы зұлмат орнаған
Болашақтың қамы үшін бірігіп
Күресейік бір кісідей бар қоғам

Жемқорлыққа біз бәріміз қарсымыз
Ұнатпайды арам істі халқымыз
Түбі жеңіс біздікі деп сенемін
Қарсы тұрсақ бүкіл ел боп жалпымыз



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тойға тілек

  • 0
  • 0

Жалғастырып кеше мен бүгінгіні,
Еске сап ата дәстүр – бұрынғыны.
Міне, тағы бас қосты ортамызда
Екі жас ұнатқан соң бірін - бірі.

Толық

Қарап тұрсаң

  • 0
  • 0

Қарап тұрсаң байда көп кедей де көп
Тірлік етсең хақ Алла жебейді көп
Үйде жатып барлығын көрге тығып
Жаннатты жерде жасау тілегі тек

Толық

Жарқын болашақ

  • 0
  • 0

Болашақ Жарқын болар білімменен
Пайдалы кәсіп үйрен ілімменен
МұнайГаз қолдау беріп тұрған кезде
Тездетіп құжат тапсыр бүгін дер ем

Толық

Қарап көріңіз