Өлең, жыр, ақындар

Жарқын болашақ

Болашақ Жарқын болар білімменен
Пайдалы кәсіп үйрен ілімменен
Мұнай-Газ қолдау беріп тұрған кезде
Тездетіп құжат тапсыр бүгін дер ем

Мүмкіндік қайта саған берілмейді
Білімсіз жерден нәсіп терілмейді
Басында ақылы бар саналы адам
Үйде жатып, масыл боп, керілмейді

Сондықтан, өнер іздеп талаптанғын
Демегін, кеше неге қарап қалдым?!
Тегін бәрін үйретем деп тұрғанда
Харакет қыл, тездетіп жарақтанғын

Көкірек көзіңді аш Абай айтқан
Ыбырай білім ал деп талай айтқан
Қазақтың ұл қызына білім ал деп
Мен де сол бабалардың сөзін айтам

(Мейрамбек, Әселменен Фарида бар
Бойларында қазақылық ар-иба бар
Биікке шығасың сен еш күмән жоқ
Орындалса солар айтқан қағидалар)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түркімін

  • 0
  • 0

Мен түркімін түрлендіргем әлемді
Аз болсам да жаулап алғам бар елді
Саным емес сапам артық болғансоң
Мысын басып басқарамын бар елді

Толық

Тойға тілек

  • 0
  • 0

Жалғастырып кеше мен бүгінгіні,
Еске сап ата дәстүр – бұрынғыны.
Міне, тағы бас қосты ортамызда
Екі жас ұнатқан соң бірін - бірі.

Толық

Керей

  • 0
  • 0

Мен керей деген халықпын
Өр Алтайда қалыппын
Қытайменен маңғолға
Қазақтың күшін таныттым

Толық

Қарап көріңіз