Өлең, жыр, ақындар

Қабдол Нұрбибі Жұмабайқызы

Қадыр Мырзалиевке арнау

Жауһазындай жырларыңнан сұлулықты таныдым,
От жырларың берді жанға өшпейтіндей жалынын.
Елі менен ер мінезін ұштастырған ақынды,
Байқай алсаң,керемет¬-қой үндестігін жанының.

Дәл өзіңді арнайылап сақтай білдім жадымда,
Мүшәйрада бәлкім қолдап тұрарсың жан-жағымда.
Әнұран мен қатар жүрер “Атамекен” әнің де,
Қан ойнатып,рух береді менің мынау жаныма.

Қауырсындай қаламыңмен бөлісерсің жырыңды,
Жан-тәніммен түсінермін мен сенің ой-сырыңды...
Қираған тек құлпытастар ғана емес ойлашы,
Әлі талай айтамыз ғой ашылмаған қырыңды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайтадан...Мен үнсізбін...

  • 1
  • 0

Қайтадан
Мен үнсізбін..
Әліде үндемеймін...
Тіл қатпаған кінәлі  тілім деймін,

Толық

Қабдол Нұрбибі Жұмабайқызы

  • 0
  • 0

Қандай қиын өзге елден кемдігі,
Туған елдің азаттығы,теңдігі.
Сол уақытта сыналдығой ең басты,
Туған тілмен,Туған жердің кеңдігі.

Толық

Қарап көріңіз