Өлең, жыр, ақындар

Жалған айтып, өзіңді алдап едің

Жалған айтып, өзіңді алдап едің,
Өтірікті шындыққа жалғап едің.
Басқаның мазаласа арбаулары,
Адалдыққа, шындыққа қас деп едің.

Алаяқты ермек қып, тірлік қылдың,
Ащы, қатты болғанмен, себеп қылдың.
Білмейсің жағдайының ұшынғанның,
Болып көрші орнында, абдырадың.

Не жетсін жетістікке адал келген?
Жақпайды шүберек те арам келген.
Шықпаса да өзіңнің, мұрын-аузыңнан,
Жақыныңа кесірің, бейнет келген…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зымыраған уақыттар өтіп жатыр

  • 0
  • 0

Зымыраған уақыттар өтіп жатыр,
Адамдық дүние үшін өліп жатыр.
Байлық, мансап, рақатты қуамын деп,
Көрге де дайындықсыз кетіп жатыр.

Толық

Қызғанамын

  • 0
  • 0

Қызғанамын,
Қызғанғаным соншалық,
Лапылдап шексіз жанамын,
Ащы күйік кеудемде,
Шектен шығып барамын.

Толық

Білмедік біз өмір бұндай шырғалаң

  • 0
  • 0

Білмедік біз өмір бұндай шырғалаң,
Аттаған соң, ақыл жасты таңқалам.
Болып едік баласы біз ойынның,
Қазір ойлап, бола алмаймын қылқалам.

Толық

Қарап көріңіз