Өлең, жыр, ақындар

Жанарыңнаң көрер ме екем тұңғиық?

Жанарыңнаң көрер ме екем тұңғиық?
Ғашық болып өтер ме екем ғұмырлық?
Бұйырмаған бір көруді сәт қылып,
Замананың дүниесі екен алдамық.

Қосыла алмай, аңсар ма екем мәңгілік?
Құшақтамай кетер ме екем беріктік?
Болуды армандадым, жан-жарым деп,
Сүгретің бар, оған да етем шүкірлік!

Тағдырым болған ба екен қаталдық?
Жазғаны пешенемнің осы екен ауырлық.
Ойран болып, өртеніп бір күйсем де,
Шабыттанам, масайналам, осы екен ғашықтық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Биіктерге ұмтыла

  • 0
  • 0

Биіктерге ұмтыла,
Өзіңді-өзің бағала.
Ынжықтыққа басылмай,
Дарындықты жағала.

Толық

Қызғанамын

  • 0
  • 0

Қызғанамын,
Қызғанғаным соншалық,
Лапылдап шексіз жанамын,
Ащы күйік кеудемде,
Шектен шығып барамын.

Толық

Әкешім

  • 0
  • 0

Әкешім мың алғыс барлығы үшін,
Анашымды бақытты қылған үшін.
Жақсы перзент адам қып, тәрбиелеп,
Еңбектеніп мәпелеп баққан үшін.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер