Өлең, жыр, ақындар

Мұңы батып, махаббаттың тебірене.

Мұңы батып,
Махаббаттың тебірене.
Елестейсің,
Көзімнің мөлдіріне.
Аяулымды,
Сағынып үрейлене.
Өткіздім,
Күндерімді ниеттене.
Өңге еніп,
Арайланған нұрлы ай.
Толқимын,
Теңіздің толқынындай.
Тулатасың,
Жүгіртесің, асау тайдай.
Қиналтасың,
Жалғыз жүзген, аққу құстай.
Болмайды,
Шығармасам бұл өлеңді.
Арнаймын,
Толық саған сезімімді.
От-жалын боп,
Жанымды жырлап төкті.
Жүректен
Жылы шыққан жалғыз үнді…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шыға алмадым шырғалаңнан әттең-ай

  • 0
  • 0

Шыға алмадым шырғалаңнан әттең-ай,
Жатыр мида түрлі ойлар, мың сарай.
Тылсым сырлар жай тапқызбай, бек қойды,
Қамалғандай сан жылдарға зынданға-ай.

Толық

Ана жанын күйреме

  • 0
  • 0

Ешқашан да қарағым,
Ана жанын күйреме.
Дүниедегі пенденің,
Қайран орны бір төбе,

Толық

Жалған айтып, өзіңді алдап едің

  • 0
  • 0

Жалған айтып, өзіңді алдап едің,
Өтірікті шындыққа жалғап едің.
Басқаның мазаласа арбаулары,
Адалдыққа, шындыққа қас деп едің.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар